қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.03.2021

Ұстаздар ұстаханасында «Jas Otan» ЖҚ төрағасымен кездесу өтті

 


 

Өткен аптада «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев Алматы қаласындағы жұмыс сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы және белсенді студент жастарымен кездесті.

 

Ректор Такир Балықбаев қонақты университеттің 2020-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясының басым бағыттарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру жолдары туралы ойын ортаға салды. Кездесу барысында студенттерге арналған жаңа жатақхана салу мәселесі қозғалды. Жасотандықтардың көшбасшысы жатақхана салу мәселесі «Nur Otan» партиясы мен жастар қанатының бақылауында екенін атап өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев «Jas Otan» ЖҚ төрағасын университеттің тарихы және дәстүрлерімен таныстырып, жастармен жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысы және жастар саясатын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

 

Нұржан Жетпісбаев жұмысы сапарының соңында студенттермен бейресми форматта кездесіп, студенттер қонаққа өздерін қызықтырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

 

 

15.03.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



9

Кері оралу