
 
|  Негізгі бет 
Жаңалықтар 
09.04.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ студенті қазақ күресінен ҚР Жастар біріншілігінде 3-ші орын алды 
 Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының 3-ші курс студенті Хамза Нұрсұлтан Қостанай қаласында өткен Қазақ күресінен Жастар арасындағы ҚР Чемпионатында 3-ші орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді! 
 Хамза Нұрсұлтан - қазақ күресі мен дзюдодан спорт шеберлігіне үміткер, белбеу күресі, самбодан аудандық, қалалық және облыстық турнирлердің жеңімпазы. Ол - әр түрлі спорттық іс-шараларға тұрақты қатысатын біздің университетіміздің ең белсенді студенттерінің бірі. 
 Хамза Нұрсұлтанды жеңісімен құттықтай отырып, болашақта бұдан да жоғары жетістіктерден көреміз деп сенім білдіреміз. 
 
 |