|   | 
 |   | 
  
Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен нормабақылау бөлімі Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
  Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің негізгі міндеттері: -   Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуына мониторинг жүргізу, ҒЗЖ-ның барлық бағыттары бойынша есептік құжаттарды толтыру; -      Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу; -      Жоғары оқу мекемелерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу; -      Ғылыми зерттеу мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу; -      Сапа менеджменті жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары үдерісіне мониторинг жүргізу. 
  Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің қызметі: -	Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына мониторинг, жобалар мен зерттеулердің орындалуына талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесіне жалпылау жүргізу; -	ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер талабын ескере отырып, университетте ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің жүзеге асырылуы бойынша нұсқаулық дайындау; - Мемлекеттік, салалық және республикалық стандарттар, нормалар мен тәртіптер және басқа нормативтік құжаттардың қолданыстағы нұсқаулығы негізінде ҒЗЖ-ның құжаттарына нормабақылауды жүзеге асыру; -	ҒЗЖ тақырыптары бойынша ғылыми есептерді толтыруға әдістемелік жәрдем жасау; -	Нормативтік құжаттарды пайдалану бойынша кеңес беру және оны ұйымдастыру; -	Есеп беру үшін материалдар дайындау; -	Ғылыми жетістіктер көрмесі үшін материалдар дайындау; -	Жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибелерін зерделеу; -	Ғылым мен жоғары білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу; -	ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер, шетелдік ЖОО-лар ұйымдастыратын отырыстар мен жиындарға қатысу;  -	Консалтингтік қызмет көрсету. 
  
  
 |