қазақша · русский · english
   

 

Кафедрада жүргізілетін зерттеу жұмыстары (ғылыми бағыттар, зерттеулер мен нәтижелер, ПОҚ мақалалары, студенттердің ғылыми жұмыстары)
Тарих және құқық институтының тарихты оқыту әдістемесі және қоғамдық пәндер кафедрасы ғылыми-зерттеушілікті төмендегідей мақсаттармен жүзеге асырмақ:

1. Тарих пәндерін оқытуда әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.
2. Тарихты оқытудың әдістемесі мен қоғамдық пәндер кафедрасының негізгі мақсаты студенттерге (бакалавр, магистрант, докторант) тарихты және қоғамдық пәндерді оқыту барысында, гуманитарлық пәндерді оқыту барасында әлеуметтік дағдыларды дамыту, іс-тәжірибелік ізденістерде туындаған мәселерді студенттерге дұрыс бағыт-бағдар көрсете білу, заманауи білім беру жүйесіндегі тарихи-қоғамдық пәндердә оқыту әдістемесін барынша дамыту болып табылады. Кафедраның негізгі бағытары: білім беру, зерттеушілік, ұйымдастырушылық.
3. Абай атындағы ҚазҰПУ барлық факультеттерінде «Толеранттылық негіздері» пәнін оқу жүйесіне енгізе отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері арасында этномәдени және толерантты қабілеттерін дамыту, өзара түсінушілік пен мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру.
4. Қазақ қоғамында және тарихты оқыту әдістемелерінің дамуы туралы талдау жасап ғылыми мониторинг жүргізу.
5. Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру кеңістігінде толеранттылықты насихаттау арқылы этнопсихологиялық, этно педагогикалық, этномәдени, саяси -әлеуметтік, философиялық және тарихи ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту.
6. Студент, магистрант және докторанттарға тарих пәндерін оқытудың әдістемелік және толеранттылық мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдар, эксперт және аналитиктерді тарта отырып дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тәжірибелік және ғылыми -теориялық конференциялар, семинарлар өткізу.
7. Қазақстан халық Ассамблеясы мен зерттеу, аналитикалық және мемлекеттік құрылымдармен толеранттылықтың зерттеу сұрақтары жайлы қарым-қатынас орнату.
8. Толеранттылықты зерттеу сұрақтары бойынша ғылыми еңбектер мен ғылыми мақалаларды баспадан шығару.
9. Педагогтардың әдістемелік нұсқаулықтарын шыңдау және толерантты сана-сезімді құрастыру бойынша жобалар жасап шығару.
10. Жоғары оқу орны мен оқу орындары арасында ғылыми жобаларда, білім беру жобаларына қатысу.
11. Қазақстан Республикасы мен алыс -жақын шетелдермен толеранттылықтың мәселелері бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізу
12. Білім беру жүйесіне жаңа әдістемелік және инновациялық технологияларды енгізу.
13. Тарихи -гуманитарлық білім беру орталықтарымен тарихты оқытудың әдістемелік мәселелері бойынша инновациялық технологияларды қодану шаралары төңірегінде ақпараттар алмасу. Тарихты оқыту әдістемесі және қоғамдық пәндер кафедрасы оқу жүйесіне әрқашан жаңа пәндерді енгізіп отырады, мысалы: «Білім беру менеджменті», «Крийтериалды бағалау технологиялары», «Заманауи білім беру жүйесін басқару» т.б.
2017 жылдың көктемінде тарихты оқытудың әдістемесі мен қоғамдық пәндерді оқыту кафедра жетекшісі Ж.Нұрманбетқызы мен РһD доктор Рүстем К.М. және 2 курс магистрант Нұралы Шыңғыс пен Үсербаева Айдана Республикалық ғылыми -зерттеу конкурстарында 2-3 орындарды иеленіп, Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің және ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталған болатын.
Тарихты оқыту әдістемесі және қоғамдық пәндер кафедрасы төмендегі іс-шараларды жүзеге асырды:
1. «Тәуелсіз Қазақстан: қазіргі таңдағы тарихты және қоғамдық пәндерді оқытудың әдістемесінің өзекті мәселелері» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2017 жыл 13 ақпан. Бағдарлама мен материалдар жинағы шықты.
2. «G-global» коммуникациялық платформасы бойынша профессор оқытушылар құрамымен ғылыми мақалалар жүйеленді.
2014 жылдың 24 қарашасында тарихты оқытудың әдістемесі және қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ институттар студенттері арасында "Жас ұрпақты толеранттылық пен ұлтаралық мәдениниетке тәрбиелеу жолдары атты интеллектуалдық өтынамдык сайыс» өткізілді.

2017 жылдың 28 қыркүйегінде тарихты оқыту әдістемесі мен қоғамдық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен 2курс магистранттар және 1 курс докторанттар арасында «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті.
2017 жылдың 8 желтоқсанында тарихты оқыту әдістемесі мен қоғамдық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен 2курс магистранттар және 1 курс докторанттар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік жолдауы -еліміздің болашағының айқын көрінісі» атты куратор сағаты өтті.
2017 жылдың 12 желтоқсанында тарихты оқыту әдістемесі мен қоғамдық пәндер кафедрасы ұйымдастыруымен магистранттар мен докторанттар арасында «Қазақстанның үшінші рет жаңғыруы: Қазақстанның дамуы негізінде қазіргі жаһандық бәсекелестік» деген тақырыпта семинар өтті.
4.11 .2017 ж. - 14.11.2017 ж. , 14.11.2017 ж.- 23 .11.2017 ж. аралығында 6М011400 - тарих мамандығының қазақ және орыс топтарының магистранттары Литваның Вильнюс қ. Эдукологиялық Университетінде ғылыми тағлымдамадан өтті.

 

2017 ж. Біліктілігін көтерген ПОҚ тізімі