қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
01.08.2021

"Рухани Жаңғыру" жүйелі жұмыстан басталады

 

  

 

2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2017 жылдың 15 мамырында «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі, кейін арнайы орталық болып құрылды.
Орталықтың негізгі мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған идеялар мен ұстанымдарды нақты әртүрлі жобалармен жүзеге асыру.


Бүгіндері университет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, 2021-2022 жылдарға арналған арнайы жылдық жобалар жоспарын жүйелі түрде атқаруда. Әсіресе, мемлекеттік «Туған жер», «Латын әліпбиіне көшу», «Қазақстанның киелі географиясы», «100 жаңа есім - Тұлғатану», Жаңа гуманитарлық білім: «100 жаңа оқулық» бағыттарындағы жобалармен қатар, университеттік «Студенттер мен магистранттардың ұлттық санасын қалыптастыру», «Абайтану жаңа белесте», «Жыр алыбы - Жамбыл», «Жаһандағы қазіргі қазақ мәдениеті», «Ұлы дала жастары» жобалары, осы күндері пандемиялық жағдайға бейімделіп, стратегиялық жоспарынан айнымай, онлайн режимінде кеңінен орындалып келеді.


Атап айтқанда, «Туған жер» жобасы бойынша - 9 жоба жүзеге асып, қамтылу саны 150 адамды құрады.


- «Латын әліпбиіне көшу» жобасы бойынша - 5 іс-шара өтіп, қамтылу саны 50 адам болды.


- «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы бойынша бір іс-шара өтіп, 30 адамды қамтыды.


- «Студенттер мен магистранттардың ұлттық санасын қалыптастыру» жобасы аясында - 25 жоба ұйымдастырылып, қамтылу саны 700 адамды құрады.


- Жаңа гуманитарлық білім: «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша - 3 жоба атқарылып, қамтылу саны 420 адам болды.


- «Абайтану жаңа белесте» жобасы бойынша - 13 жоба өтіп, қамтылу саны 1500 адамды құрады.


- «Жыр алыбы - Жамбыл» жобасы бойынша - 5 іс-шара атқарылып, қамтылу саны 120 болды.


- «100 жаңа есім - Тұлғатану» жобасы бойынша - 10 жоба атқарылып, 450 адамды қамтыды. Сонымен қатар, осы жоба аясында 10 кітап жарық көрді.


- «Жаһандағы қазіргі қазақ мәдениеті» арнайы жобасын іске асыру бойынша - 2 жоба іске асып, қамтылу саны 125 адам болды.


- «Ұлы дала жастары» жобасы бойынша - 8 жоба іске асып, қамтылу саны 450 адамды құрады.


Барлығы 2020-2021-і оқу жылында орындалған жобалар саны - 128 жобаның 81 жобасы, яғни жоспар 65 %-ға орындалып отыр. Жобаларға 4000 астам білім алушы мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.


Аталған бағыттар университетіміздің құрылымдарымен және барлық институттармен ынтымақтаса отырып, мемлекеттік бағыттағы кешенді жобалардың өз уақытында орындалуы, бірізді тәртіпке қойылды.


Абай атындағы ҚазҰПУ мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әрқашан қолдап, жастарымыз бен оқытушыларымыздың рухани жаңаруы мен жаңғыртудың заманауи идеяларын жүзеге асыру саясатын жалғастыра береді.

 


Абай атындағы ҚазҰПУ, "Рухани Жаңғыру" орталығы

 

01.08.2021ж.
Ақпарат көзі: 
zanmedia.kz