қазақша · русский · english
   
25.01.2022

«Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлері» мен «Үздік ғылыми қызметкер - 2021» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау

 

2022 жылдың 24 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы - ректор Дархан Біләлов мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлері - доцент Т. Далаева мен PhD Ә. Байкулованы және «Үздік ғылыми қызметкер - 2021» республикалық конкурсының жеңімпаздары - профессор А. Бердышев, профессор Т. Аяпова, профессор З. Мовкебаева және профессор Ж. Нұрбекованы марапаттады. Жеңімпаздарға жоғары жетістіктері мен еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Алғыс хаттар табыстады.

 

Аталған жиынға университеттің Басқарма мүшелері - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев, стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Кұлсариева, Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова, ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Гүлзада Баимбетова қатысты.

 

Іс-шара барысында проректор Ермек Бөрібаев барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтап, Қазақстан ғылымының игілігі мен өркендеуі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

 

Әріптестерімізді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және еліміздің өркендеуі жолындағы ғылыми шығармашылық ізденістерінің жемісті болуын тілейміз.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу