қазақша · русский · english
   
01.02.2022

«ЖОО үздік оқытушысы-2021» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау

 

2022 жылдың 31 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы - ректор Д.Біләлов «ЖОО үздік оқытушысы-2021» республикалық конкурсының жеңімпаздарын - филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Шайбакованы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Сағымбаеваны, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Көшербаеваны, физика - математика ғылымдарының кандидаты, қауымд. профессор Н.Ыскакованы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Коневаны, заң ғылымдарының кандидаты, қауымд. профессор Н.Калкаеваны, PhD доктор, постдокторант Д.Сабированы марапаттады. Жеңімпаздарға жоғары жетістіктері мен еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін «Алғыс хаттар» табыстады.

 

Аталған жиынға университеттің Басқарма мүшелері - зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е.Бөрібаев, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Нұрланов, ректордың кеңесшісі Ж.Ишпекбаев, Ғылым департаментінің директоры Ұ.Әбдіғапбарова, ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Г.Баимбетова қатысты.

 

Іс-шара барысында проректор Е.Бөрібаев барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар мен жаңа жоғары жетістіктер тіледі!

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу