қазақша · русский · english
   
05.04.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым онкүндігі-2022

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәстүр бойынша жыл сайын Ғылым онкүндігі өткізіледі. 2022 жылы ауқымды оқиғалар белгіленіп отыр: Ғылым онкүндігі барысында 4-14 сәуірде 152 ғылыми іс-шара өткізіледі, оның ішінде офлайн режимде - 74, онлайн режимде - 78.

 

Ғылым онкүндігінің салтанатты ашылуы 4 сәуірде Жаратылыстану және география институтында өтті, онда «Жыл құсы-2022» халықаралық жобасы аясында «Жыл құсы» көрмесі өтуде. Көрмеге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры М.А.Бектемесов, стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры А.Т.Құлсариева, институт директорлары, ғалымдар, жас зерттеушілер, студенттер және Алматы қаласының оқушылары қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов ізгі тілектерін білдірді. Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова сөйлеген сөзінде Ғылым онкүндігіне арналған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова институт өмірі мен ғылыми белсенділігі туралы баяндады. Көрме жұмысына Зоология институты директорының орынбасары М. Чирикова, Алматы хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі А. Рахимова қатысты.

 

Сондай-ақ, Ғылым онкүндігінің ашылу күні ZOOM платформасында 11 іс-шара өтті, оффлайн режимде «Chеmistry of life» Студенттік ғылым апталығы, «Табиғат - біздің ортақ үйіміз» экологиялық көрмесі, «Кемеңгер генетик» зияткерлік байқауы, «Таңғажайып математика» челленджінің іске қосылуы басталды, «Robotime stories» студенттерге арналған викторина және т. б. ғылым әлемінен көптеген қызықты оқиғалар өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу