қазақша · русский · english
   
07.10.2022

Шетелдік делегациялардың келуі

 

2022 жылы 6 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Нюрнберг университетінен (FAU) Фридрих-Александр Эрланген және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінен (ASPU) «Pedagogical Professionalism and Internationalisation-dialogue with the post-Soviet Islamic Education Space» халықаралық жобасы шеңберінде делегация келді. Бұл жоба 2021 жылдан бастап үш университет арасында жүзеге асырылуда.


Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты Мәдина Молдағали біздің университетпен таныстыру кездесуін өткізді. Ол жоба қатысушыларын сапар бағдарламасымен, алдағы конференцияның мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, қала мен университет туралы қысқаша айтып берді. Тұсаукесер барысында қонақтарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дан сыйлық пакеттері сыйға тартылды.


Жобаның ассистенті, PhD докторы Сая Байсұлтанова «Мәдениетаралық ерекшеліктер» тақырыбында воркшоп өткізді, онда жоба қатысушылары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерімен танысты.


Жобаның үйлестірушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова «Dual training as factor in improving the preparation of a future teacher» тақырыбында воркшоп өткізді, оның барысында дуалды-бағдарланған оқытудың мақсаттары, міндеттері ұсынылды, сондай-ақ оны Абай атындағы ҚазҰПУ-да іске асыру процесі сипатталды. Воркшоптың соңында топтық жұмыс жүргізілді, онда әртүрлі жоғары оқу орындарының өкілдері өз елдері мен жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімді даярлау туралы талқылады.


Бірінші күннің соңында университетіміздің жоба қатысушылары, 4 курс студенттері Лаура Нұртаева мен Арайлым Дүсіпқызы университет, бас ғимарат, Абай мұражайы және университет кітапханасы бойынша қонақтарға тур өткізді.

 

  alt= 

 

  alt= 




Кері оралу