қазақша · русский · english
 
 
 
04.02.2020

Oxford University Pressтренері Мартин Кертиспен кездесу

 

2020 жылдың 30 қаңтарында Филология және Көптілді білімберу институтының шет тілдері кафедрасында Oxford University Press және Оксфорд оқытушылар академиясының тренері Мартин Кертиспен кездесу өтті. Кездесу қазіргі таңдағы заманауи технологияларды қолдана отырып, шет тілдерін оқытуға арналған.

 

Семинардың мақсаты - ағылшын тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру және олардың алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибелерін тарату болып табылды.

 

Семинар әдістемелік формада ұйымдастырылды, оның барысында оқытушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері қарастырылды, Оксфорд баспасының тренері Мартин Кертис жаңа әдістерді қолдану тәжірибесімен бөлісті. Семинарға шет тілдері кафедрасының оқытушылары қатысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

   




Кері оралу