қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2021

Студенттер мен жас ғалымдар арасындағы «Фараби Әлемі - 2021» халықаралық конференциясы


2021 жылы 8 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде жыл сайын өтетін студенттер мен жас ғалымдардың арасындағы «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

 

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Уалиханұлы Абылайханның жетекшілігімен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенттері Қуат Айдана, Оразалықызы Гүлназ, Оразтай Даяна, Сайлау Айымгүл және Нұри Гүлмарал «Қазіргі Әлемдегі Тілдер мен Мәдениет» (БҰҰ тілдері) секциясына қатысып, баяндама жасады. Көптеген баяндамалар презентация түрінде болды. Студенттер күрделі сұрақтарға жауап беруден бөлек, тілді үйренудің өзекті мәселелері бойынша пікірталастарға қатысты. «Қазіргі әлемдегі тілдер мен мәдениет» (БҰҰ тілдері) секциясы бойынша «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3 курс студенттері Қуат Айдана мен Оразалықызы Гүлназ жүлделі 3-ші орынға ие болды.

 

  

 

  




Кері оралу