қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2022

Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы No140 мектеп-гимназиясының түлектеріне кәсіптік бағдар беру


2022 жылдың 23 ақпанында Филология және көптілді білім беру институты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары: Султанкулова Ш.У., Нурекешова Г.Р., Хаирлаева Г.Х. және Таженова А.С. Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясына «Түлек - 2022» кәсіби бағдар беру жұмыстарын офлайн форматында жүргізіп қайтты.

 

Аталған мектептің 11-сынып оқушыларына Абай университеті шетел тілдері кафедрасының мамандықтарына толық мағлұмат берілді.

 

Мектеп түлектері әсіресе университетіміздің әлемдік нарықтағы орны және көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстары туралы мәліметтер қызықтырды. Мектеп түлектері болашақ мамандықтары бойынша көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Сонымен қатар, қызығушылық тудырған шетел тілдері бойынша сауалдар, жалпы әлеуметтік жеңілдіктер сияқты қойылған сұрақтарға аға оқытушылар толыққанды жауап беріп, түлектердің таңдауы өзіміздің университетте болуына шақырды.

 

   

 

   




Кері оралу