қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2022

Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - уақыт талабы


2022 жылдың 25 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары: Г.Р.Нурекешова, Ш.У.Султанкулова, А.С.Таженова, Г.Х.Хаирлаева, Г.К.Мырзаханова Республика мектептерінің мұғалімдері мен мектеп бітіруші түлектеріне арнап «Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - уақыт талабы» тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға Алматы каласы, Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылы, Қызылорда облысы Арал ауданы, Туркестан облысы, Жетісай аудандарының мектептері қатысты.


Арнайы қонақ ретінде ф.ғ.к., доцент Е.М.Молдасанов және German Academic Exchange Service ДААД бағдарламасының жүлдегері, қазіргі таңда Гейдельберг педагогикалық университетінде білімін шыңдап жатқан «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенті А.Қизатова қатысып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студент-жастарға білім жолындағы берер мүмкіндіктерімен бөлісті.


Г.Р.Нурекешова университеттің алғаш құрылғанынан бастап қазірге дейінгі қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала отырып, университетіміздегі барлық институттар бойынша мамандықтар әлеміне шолу жасады. Күн талабына және әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру бағыттарына ерекше көңіл бөлінді.

Ш.У.Султанкулова, А.С.Таженова, Г.Х.Хаирлаева, Г.К.Мырзахановалар түлектерге арнайы ақ жол тілеп, кемел келешек қалыптастырамын деген жас түлектерге білім ордасының есігі әрдайым ашық екенін мәлімдеді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу