қазақша · русский · english
 
 
 
24.03.2022

Мамандығым - мақтанышым

 

2022 жылдың 18 наурызында Филология және көптілді білім беру институтының шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Нурекешова Г.Р., Султанкулова Ш.У., Таженова А.С., Хайруллаева Г.Х. Қызылорда облысы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен Алматы қаласы бизнес және сервис колледждерінің бітіруші студенттеріне «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында онлайн режимінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Іс-шараға екі колледждің 80-ге жуық бітіруші студенттері қатысты.

 

Нурекешова Г.Р. виртуалды 3D тур арқылы университетіміздің сайтынан жалпы шолу жасап, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғаш құрылғанынан бастап қазірге дейінгі қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды, сонымен қатар университеттегі жеңілдіктермен, студент-жастарға арналған білім жолындағы мүмкіндіктерімен бөлісті.

 

Султанкулова Ш.У., Таженова А.С., Хайруллаева Г.С. колледж бітіргеннен кейін білімдерін өзіміздің университетте шетел тілі мамандығы бойынша жалғастыруларына білім ордасының есігі әрдайым ашық екенін мәлімдеді.

 

Шара соңы студент-жастардың түрлі сұрақтар қоя отырып, екі жақты пікір алмасуларына ұласты.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу