қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2022

Мамандық - өмір таңдауы

 

2022 жылдың 15 сәуірінде Филология институтының шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Кемелбекова З.А., Есенаман С.Е., Дегтярева К.С., Исмаилова Д.Б Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылы №9 орта мектептің бітіруші түлектеріне «Мамандық - өмір таңдауы» тақырыбында онлайн режимінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Іс-шараға орта мектептің 50-ге жуық бітіруші түлектері қатысты.

 

Филология институтының қауымдастырылған профессоры Кемелбекова З.А университетіміздің сайтынан жалпы шолу жасап, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғаш құрылғанынан бастап қазірге дейінгі қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды, сонымен қатар университеттегі жеңілдіктермен, студент-жастарға арналған білім жолындағы мүмкіндіктерімен бөлісті.

 

Есенаман С.Е., Дегтярева К.С., Исмаилова Д.Б мектеп бітірушілерге біздің университетте шетел тілі мамандығы бойынша білімдерін жалғастыруларына шақырды және білім ордасының есігі әрдайым ашық екенін мәлімдеді.

 

Шара соңы студент-жастардың түрлі сұрақтар қоя отырып, екі жақты пікір алмасуларына ұласты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу