қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2023

Ұлттық университет - ұлт таңдауы

 

2023 жылдың 24 ақпанында Филология институты шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары: Нурекешова Г.Р., Султанкулова Ш.У., Таженова А.С., Рахимжанова С.К., Исмайлова О.А., Беркинбаева Г.О. Қызылорда облысы Төретам кенті, Түркістан облысы мектептерінің түлектерімен «Ұлттық университет - ұлт таңдауы» айдарымен кәсіби бағдар беру жұмысын онлайн режимінде жүргізді.

 

Кездесу барысында 95 жылдық тарихы бар еліміздегі алғашқы университеті болып табылатын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бүгінгі таңдағы білікті мамандар даярлауда еңсесі биік жоғары білім ордасы жайында видеороликтер көрсетіліп, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының заманға сай өміршең мамандықтар қатарында екендігін кафедра оқытушылары тартымды баяндап берді.

 

Топ мүшелері мектеп бітіруші түлектерінің таңдауларын өзіміздің іргелі оқу орнына жол сілтеп, бағдар беріп, педагогикалық мамандық таңдаудың өмірден өзіндік алатын орнының зор екендігін, шәкіртақының өскендігін, университетімізде білім алушыларға барлық мүмкіндіктің бар екендігінен хабардар етіп, таңдауларын дұрыс жасауға шақырды.

 

Кездесу соңы мектеп бітірушілердің көкейінде жүрген түрлі сұрақтар төңірегінде пікір алмасуға ұласты.

 

  alt=     alt=  

 

  alt=     alt=  




Кері оралу