Шетел тілдері кафедрасы |
19.03.2025
Шалғайдағы шағын жинақталған мектептер – кафедра назарында
2025 жылдың 18 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды және Көктем шағын жинақталған мектептерінің мұғалімдеріне арналған онлайн воркшоп өтті.
Іс-шара білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және шалғайдағы мектептермен өзара байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл бастама «Шалғайдағы шағын жинақталған мектептер - кафедра назарында» айдары аясында жүзеге асырылып, кафедраның филиалы ретінде әріптестік байланыс орнатқан білім беру мекемелерімен бірлесе өткізілді.
Воркшоп барысында педагогтердің шығармашылық және кәсіби дамуын ынталандыру, инновациялық тәжірибелерді зерделеу, оқу бағдарламаларын жетілдіру және үздік мұғалімдердің авторлық тәжірибесін талқылау мәселелері қарастырылды.
Филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы А.В. Танжарикова мен кафедра меңгерушісі, PhD доктор С.К. Иватов педагогтерге оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Г.Р. Нурекешова мұғалімдерді «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі» және «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» байқауларына қатысуға шақырып, олардың ережелерімен таныстырды.
Бұл шара шалғайдағы мектеп мұғалімдерінің кәсіби әлеуетін арттыруға, жаңа әдістемелермен танысуына және ортақ оқу ресурстарын дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоғары оқу орны мен мектептер арасындағы әріптестікті нығайтуға жол ашты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|