қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2025

Абай университетінің студенттері мектеп оқушыларына ағылшын тілінен дәріс жүргізді


2025 жылдың 17 наурызы мен 28 наурызы аралығында шағын жинақталған мектеп оқушыларына «Lifelong Learning Environment» айдарымен ағылшын тілі пәнінен күніне 1 мәрте әдістемелік сабақтар онлайн режимінде жүргізілді. Әдістемелік сабақтарға Қызылорда облысы Арал ауданы №77 Құланды мектебінен 5-9 сыныптардың 58 оқушысы, №227 Көктем мектебінен 2-9 сыныптар аралығынан жасақталған 54 оқушы қатысты.


Сабақтардың мақсаты - интеграцияланған сабақ беруде тәжірибемен бөлісу, заманауи әдіс-тәсілдерінің қолданыс аясын кеңейту. Сабақты 2024-2025 оқу жылының үздік бітіруші түлектер құрамынан жасақталған бірлескен форматта еріктілер сапындағы «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері жүргізді.


Онлайн сабақтар: Present Continuous, Past Simple, Reading: places of nature beauty, Save our animals және т.б. тақырыптар негізінде онлайн жүргізілді. Оқушылар сабақ барысында Wordwall.net, Kahoot, Direct method, Jigsaw reading activity, Multimedia technologies, LearningApps.org әдістерге негізделген тіл үйренудің түрлі бағыттағы жаттығуларын студенттермен бірге жасап, кері байланыс орнатты.


Әдістемелік сабақтарды ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., ф.ғ.к. Гүлсім Нурекешова. Оқытушы білім алу үшін қандай формат болмасын (оффлайн, онлайн) кедергі еместігін оқушылардың есіне сала отырып, екіжақты жұмыстың тиімділігін қатаң қадағалады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу