қазақша · русский · english
 
 
 
10.11.2020

«Түрік тілді елдердің географиясы» ашық сабағы


2020 жылдың 9 қарашасында Жаратылыстану және география институтының доценті Қастер Сарқытқанның ұйымдастыруымен «5B011600 -география» мамандығының 4-ші курс студенттеріне оқылатын «Түрік тілді елдердің географиясы» пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақ тақырыбы - Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» бағдарламасының түркі тілдес елдерге экономикалық-географиялық әсері».

 

Ашық сабақтың форматы өзгеше болды. Себебі, сабаққа сырттан қонақтар қатысты. Олар: Түрік халықтарының рухани дүниесінің сабақтастығын жалғастырушы, аудармашы әрі ақын ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Ильхам» сыйлығының иегері Дәулетбек Байтұрсынұлы және э.ғ.к., кәсіпкер, «Болашақтың» алғашқы түлектерінің бірі болып Германияда білім алған Айтуған Мұқашев болды.

 

   




Кері оралу