қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2020

«Тіл ғұмыры,Ұлт ғұмыры» ашық тәрбие сабағы


2020 жылдың 28 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының «6В01515-Географи»я мамандығының 1-ші курс, 1 топ студенттері мен эдвайзер Мөлдір Бахыттың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында қашықтан «Тіл ғұмыры, Ұлт ғұмыры» тақырыбында ашық сабағы өтті. Іс-шараға институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, оқытушылар және студенттер қатысты.

 

Мерекелік іс-шарамызды қазіргі Қазақстан жерінде, қазақ еліндегі өте өзекті мәселе болып табылатын, тіл мәселесін талқылай отыра бастадық. Қазақ тілі туралы біз білмейтін деректермен таныстырып, қазақ жастарының атынан, жас географтар атынан қазақ тілін дамыту мен сақтап қалудағы өз ойымызды ашық жеткіздік. Ата бабаларымыздың осы тіліміз бен дінімізді сақтап қалу үшін қанша соғысқа түскені туралы бейне-баян дайындадық. Қонақтарымыз өте көтеріңкі көңіл-күймен, ашық сабағымызды Нұрлан ағайдың сөзімен аяқтадық. Бұл тақырып болашақ бізден кейінгі жас буын мен ұрпақтарымызға да, тек жастарға ғана емес аға буын, үлкен тарапқа да ой салады деген үміттеміз.

 

   




Кері оралу