қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2020

«Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы» ашық тәрбие сағаты

 

2020 жылдың 28 қарашасында Абай университеті Жаратылыстану және география институтының «6В01516-География-Тарих» мамандығының 1-ші курс, 1-топ студенттерінің ұйымдастыруымен Zoom платформасында қашықтан ««Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шарға Жаратылыстану және география институтының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов, профессор-оқытушылар және студенттер қатысты.

 

Іс-шара шымылдығы жүргізушілердің бастапқы сөздерімен ашылды. Жүргізушілер слайд көмегімен Н.Ә.Назарбаевтың өміржолын сипаттап берді. Сонымен қатар, елбасына арналған өлең шумақтары оқылды, қызмет жолынан, өмірбаянынаң және басқа ел көшбасшыларының біздің Елбасы жайлы пікірлері туралы видео-роликтер көрсетілді және топ студенті Жекен Ақжолдың орындауында домбырада әсем күйлер шертілді. Іс-шараның соңында институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов ашық сабақ барысында алған сезімдерімен бөлісті. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, білікті маман иесі болуларына жылы тілек-лебізің білдірді. Іс-шара барысында студенттердің Елбасыға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдері байқалды.

 

   




Кері оралу