қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2020

Н.Назарбаевтың өмірі - Отанға және оның халқына қызмет етудің үлгісі

 

2020 жылдың 30 қарашасында Жаратылыстану және география институтының «Туризм» мамандығының 3 курс студенттері және топ кураторы Ардақ Алдашева «Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны - оның балалық және жастық шағы, Украинада оқуы, өндірістегі еңбек белсенділігі мен жарқын саяси мансабына үлкен көңіл бөлінді.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сындарлы саясатының арқасында еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік аренада танылған ойыншыға айналды, бастысы - халықтың бірлігі, барлық этностар арасындағы бейбітшілік пен келісім болатын мемлекетке айналды.

 

Іс-шараның мақсаты - жастарды Н.Назарбаевтың тағдыры мысалында патриоттық сезімге және өз еліне деген құрметке тәрбиелеу.

 

   




Кері оралу