«География және экология» кафедрасы | ![]()
17.04.2025
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «География және экология» кафедрасының филиалы ашылды 2025 жылдың 11 сәуірінде Алматы қаласында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде Абай атындағы ҚазҰПУ география және экология кафедрасының филиалы ашылды. Іс-шара Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай өткізілген Ғылым апталығы - 2025 іс-шаралары аясында студенттердің теориялық білімін бекіту әрі жоғары және орта мектеп арасында болашақ мамандарды кәсіби дайындау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Жаратылыстану және география факультетінің деканы, профессор Күләш Каймулдинова, Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық қызмет жөніндегі департамент директорының орынбасары Толқын Ауелғазина, факультет деканының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Нұржанат Шакирова, география және экология кафедрасының меңгерушісі Думан Алиасқаров және аталған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Аталған мектеп-лицейде тәжірибе жинақтау бойынша педагогикалық практикада жүрген Жаратылыстану және география факультетінің 4 курс «6В01516 - География және тарих» мамандығы студенттері (пед.практика жетекшісі, доцент - Талғат Увалиев), білім мен технологияның тоғысқан тұсында замануи инновациялық әдіс-тәсілдерді және жасанды интеллектіні қолданып жаңашыл сабақтар өткізуде. Қонақтар аталмыш іс-шара барысында практикант-студенттердің жасанды интеллект көмегімен «География» пәні бойынша 10 сыныпта өткізген және жасыл мектеп аясында мектеп жылыжайында 6 сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінен жүргізген өзара кіріктірілген ашық сабақтарына қатысты.
Өзінің 90-жылдық мерейтойы қарсаңында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде Қазақстандағы тұңғыш ашылған «География» кафедрасының филиалының ашылуы айтулы оқиға болды. Осы орайда, Өмірбек Айтуғанұлы басқарып отырған мектеп-лицей ұжымына және осындағы география пәнінің мұғалімдері: Орынкүл Алпысқызы, Майнұр Ыбрайымжанқызы, Ардақ Тілепалдықызы мен Манат Әлдібекұлына өз алғысымызды білдіреміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|