қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2025

«География ғылымдарының заманауи парадигмасы» атты шеберлік сағаты өтті


2025 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі Ғылым апталығы аясында Жаратылыстану және география факультетінде «География ғылымдарының заманауи парадигмасы» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

 

Іс-шараны педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Карбаева Шолпан Шайкенқызының жетекшілігімен «8D01515-География» білім беру бағдарламасының докторанттары өткізді. Шеберлік сағаты география мамандығы бойынша білім алушыларға арналған.

 

Бұл шеберлік сағатының басты мақсаты - география ғылымының қазіргі даму бағыттары, білім берудегі инновациялық әдістер мен технологиялар туралы болашақ мамандардың білімін тереңдетіп, практикалық дағдыларын шыңдау және кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік жасау.

 

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар:

география ғылымындағы жаңа парадигмалар мен білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдер туралы теориялық білімдерін тереңдетті;

шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, жаңа идеяларды іске асыру арқылы практикалық дағдыларын арттырды;

кәсіби және тұлғалық даму мақсатында өзара тәжірибе алмасып, заманауи білім беру үрдістерімен танысты;

оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды болашақ педагогикалық қызметінде қолдануға мүмкіндік алды.

 

Іс-шара аясында «Заманауи мұғалім қандай болу керек?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар заманауи мұғалім - оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерген, инклюзивті білім беруге қабілетті, студентке бағытталған, тұлғалық және практикаға негізделген көзқарасты ұстанатын шығармашыл әрі жаңашыл тұлға болуы тиіс деген тұжырымға келді.

 

Шеберлік сағатына «7М01515-География» және «7М05203-География» білім беру бағдарламаларының білім алушылары мен факультет профессор-оқытушылары қатысты.

 

Аталған іс-шара ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметті насихаттауға, білім беру саласындағы инновацияларды қоғамға танытуға және география ғылымы мен білім берудің өзекті мәселелері бойынша ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу