«География және экология» кафедрасы | ![]()
14.04.2025
«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Сингапур елінің тәжірибесі» әдістемелік семинары
2025 жылдың 11-ші сәуірінде Абай университетінің №1 оқу ғимаратының 604 дәрісханасында Жаратылыстану және география факультеті, География және экология кафедрасының оқытушылары Д.М. Боранкулова, А.Н. Бейкитовалардың ұйымдастыруымен «Ғылым апталығы-2025» іс-шаралары аясында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Сингапур елінің тәжірибесі» тақырыбында Алматы қаласының жалпы орта білім беретін №124 мектептің география-тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Педагогикалық шеберлік орталығының» сырттай тренері Рахымбекова Улпан Туймебаевна кәсіби білікті маман ретінде кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушыларына Сингапур елінің тәжірибесімен таныстырып, мазмұнды әдістемелік семинарын жүргізді. Әдістемелік семинар барысында білім алушылардың географиядан функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды топтарға бөліп орындатты. Әлем бойынша қолданылатын 5Е моделінің алгоритмін түсіндіріп, оқытудың әдістері мен тәсілдерін меңгертті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|