«География және экология» кафедрасы | ![]()
18.04.2025
«Білім беру үдерісін оңтайландыру: Сингапур тәжірибесі» шеберлік сағаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультетінде 2025 жылдың 15 сәуірінде мектеппен байланыс аясында географиядан мамандар даярлау мамандығы бойынша білім алушыларға география-тарих пәні мұғалімі Жекен Ақжол «Білім беру үдерісін оңтайландыру: Сингапур тәжірибесі» атты шеберлік сағатын өткізді.
Болашақ педагог мамандардың сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сағатында Жекен Ақжол білім алушыларды Сингапур тәжірибесімен таныстырып, білім берудегі инновациялық әдістер мен технологиялар туралы 7М01515-География және 8D01515-География білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен және кафедраның профессор- оқытушыларымен ой бөлісті.
Шеберлік сағатын ұйымдастырушылар п.ғ.к., профессор Карбаева Шолпан Шайкеновна және Жаратылыстану және география факультетінің ОӘБ жетекшісі Бейкитова Альбина Нұрахмятовна осындай шеберлік сағаты білім беру саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу мен жетілдіру мақсатында практикалық семинарлар мен тренингтер өткізу арқылы ары қарай жалғасын табатынын атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|