қазақша · русский · english
 
 
 
30.09.2019

Туризмнің дамуына жастардың қосатын үлесі

 

1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясымен 27 қыркүйекте атап өтілетін халықаралық мейрам-Дүниежүзілік туризм күні белгіленді.

 

Осы мереке аясында 2019 жылдың 27 қыркүйегінде Жаратылыстану және география институтында География, экология және туризм кафедрасында «Туризмнің дамуына жастардың қосатын үлесі» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: аға оқытушы Ардақ Алдашева және Туризм мамандығының студенттері.

 

Іс-шараның мақсаты туризмді көптеген елдерді біріктіретін, экономиканың ең тиімді секторларының бірі ретінде насихаттау, сонымен қатар іс-шараішкі туризмнің дамуына ықпал етуге бағытталған.

 

Шараны география, экология және туризм кафедрасының профессоры Бахадурхан Абдиманапов ашып, қатысушыларға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен шақырылған қонақтарды таныстырды.

 

Шақырылған қонақтардың қатарында Гази университетінің география және әлеуметтік ғылымдар қауымдастырылған профессоры Бюлент Аксой, Италиядан (Генуя) география докторы Данило Пилла, Алматы қаласының туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қалибек Ақылбеков сияқты өз саласының мамандары болды.

 

Іс-шара ақпараттық сипаттамада өтті. Мәселен, география және әлеуметтік ғылымдар қауымдастырылған профессоры Бюлент Аксой әлемде және Түркияда туризмнің дамуы туралы шағын баяндама жасады, география докторы Данило Пилла туризм мен тіл үйренудің маңыздылығын айтты. Алматы қаласы туризм басқармасының бастығы Қ.Ақылбеков Қазақстандағы туризмнің қазіргі таңдағы дамуы жайлы баянадама жасады.

 

Сондай-ақ, іс-шара барысында институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, доцент Қайрат Омаров, аға оқытушылар Саяхат Алшымбеков және Ардақ Алдашева құттықтау сөздерін айтты.

 

Іс-шара ойындармен, студенттер арасында сайыстармен, би, ән, домбыра ойынымен және Қазақстандағы туристік және демалыс орындары туралы презентациямен ұласты.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу