
04.10.2024 
Абай университетінің студенттері «Үздік мерген» халықаралық конкурсының жеңімпаздары атанды Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті құқықтану кафедрасы «6В04202 - Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенттері «Үздік мерген» халықаралық конкурсына қатысты. Конкурсты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құқықтану факультетінің «Сарапшы-криминалист» клубыны ұйымдастырды. 
 Конкурсқа Ресейдің Санкт-Петербург гуманитарлық университетінен, сондай-ақ, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан көптеген студенттер қатысты. Абай университетінің студенттері конкурс аясында өздерінің шеберліктерін ғана емес, жеңіске деген ерік-жігерлерін де көрсете білді. 
 Конкурс нәтижесінде Руслан Акишов 1-орын, Абылай Бекназар 2-орын, Марина Ни 2-орын, Бекарыс Тағабай 3-орын, Ақерке Исатайқызы 3-орын, Ильяна Хван 3-орын иеленді. 
 Студенттерімізді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 
 
 Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |