қазақша · русский · english
   
09.04.2018

 

Өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің қорытындысы


05 сәуір 2018 жылы Тарих және құқық институты «Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің 3 және 4 курс студенттеріне арналған педагогикалық өндірістік іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша конференция өтті.

 

Конференцияны Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов ашты және де өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің студенттер үшін маңызды екенін атап көрсетіп, оларды өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибені сәтті аяқтағандарымен құттықтады. Келесі сөз кезегі студент-практиканттарға берілді. Олар өздерінің іс-тәжірибені өту барысында сынақ және ашық сабақтарынан жинақтаған іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, жұмыстарын слайд-шоу арқылы көрсетті.

 

Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, Phd докторант Руслан Сейтказиев жаңартылған білім берудегі бағалау жүйесі туралы, студенттерге мастер-класс сабағын өткізді.

 

Мансап бөлімінің инспекторы Шолпан Жантиелуова студенттердің өндірістік-педагогикалық практика есебіне байланысты өз пікірін білдіріп, студенттер үшін бұл тәжірбиенің пайдалы болған деген сеніммен оларға болашақта білікті мамандар қатарында болуына тілегін білдірді.

 

«Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұрманбетқызы өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің есебіне байланысты конференция жұмысын қорытындылап, студенттерді іс-тәжірбиені сәтті аяқтағандарымен құттықтап, оларға алдағы болашақ кәсіби қызметте сәттілік тіледі.

 

Қорытынды конференцияда студенттер өздерінің іс-тәжірибе барысында жасаған жұмыстарына есеп берді. Өндірістік іс-тәжірибе студенттердің мектеп мұғалімінің қызметімен толықтай танысуына, олардың өз болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арта түсуіне, әрі бұл мамандықтың қаншалықты жауапты мамандық екендігіне көз жеткізуіне мүмкіндік берді.

 

       

 

       

<




Кері оралу