«Химия» кафедрасы | ![]()
02.12.2020
«Талапкер - 2021» Ашық есік күні
2020 жылдың 30 қарашасында Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында «Талапкер - 2021» Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласының гумманитарлық-педагогикалық колледж бітіруші түлектері қатысты.
Шараның мақсаты - бітіруші түлектерді өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері бар, әлеуеті зор және болашаққа деген маңызды жоспарлары бар заманауи, қарқынды дамушы жоғары оқу орны саналатын, бакалавриаттың 61 түрі бойынша мамандар даярлайтын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен таныстыру. Ұйымдастырушылар - көлденең циклді басқару құрылымының маркетинг бөлімінің мүшелері Ерлан Бірталаев, Альбина Бейкитова, Айжан Сагимбаева және Жанар Жақсибаева.
Кездесу аясында бітіруші түлектер Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдиновамен кездесіп, ақыл-кеңесін тыңдап, болашақ мамандық таңдауда көкейлерінде жүрген көп сауалдарға жауап алды.
Кездесу соңында түлектер университеттің Абай мұражайын аралап, мамандандырылған дәрісханалар мен зертханаларға экскурсия жасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|