«Химия» кафедрасы | ![]()
26.04.2021
«Химия көктемі» мерекелік іс-шара
2021 жылғы 23 сәуірде Жаратылыстану және география институтында Ғылым айы аясында «Химия көктемі» мерекелік іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар - «Химия» білім бағдарламаларының эдвайзерлері, аға оқытушылар Жанар Жақсибаева, Меруерт Оразбаева, Жанар Қорғанбаева, педагогика ғылымдарының магистрі Әсия Бейсекова және «6В01510-Химия», «6В01512-Химия-биология» мамандығының 1-ші урс студенттері.
Кеш барысында 1 курс студенттері би билеп, ән айтып, күй тартты. Көрермендермен интеллектуалды ойындар ойнатып, қызықты химиялық эксперименттер көрсетті. Онлайн жағдайында білім алып жүрген студенттердің күнделікті өмір тіршілігінен үзінді видео-роликтер көрсетті.
Іс-шара барысында «Химия» білім бағдарламаларының жетекшісі Дина Каражанова, тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі Нұрлан Манапов, профессор Гүлжәмила Мейірова студенттерге жылы лебіздерін айтып, қызықты кеш үшін ризашылықтарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|