«Химия» кафедрасы | ![]()
02.10.2024
Шетелдік ғалымдардан шеберлік сабақ
2024 жылдың 30 қыркүйегінде Улудаг университетінің (Бурса, Түркия) профессоры Салих Чепни Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының жоғары курс студенттеріне «Химияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәріс өткізді.
Дәріс барысында профессор Чепни зерттеу әдістемесінің маңыздылығын атап өтіп, ғылыми нәтижелердің нақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жолдарына тоқталды. Студенттерге химияны оқытудағы заманауи әдістер мен тәсілдер туралы терең ақпараттар ұсынылып, ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздерін түсінуге мүмкіндік берілді.
Мұндай дәрістер білім беру процесінің сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және ғылымға деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді. Абай атындағы ҚазҰПУ-де өткізілген бұл шара университеттің халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды қадамдарының бірі болып табылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|