«Химия» кафедрасы | ![]()
03.10.2024
«Empowering Scientific Habits of Mind via the News and Research Papers on the COVID-19 Pandemic» ғылыми семинары 2024 жылдың 1 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасында Трабзон университетінің профессоры Муаммер Чалихтың «Empowering Scientific Habits of Mind via the News and Research Papers on the COVID-19 Pandemic» тақырыбында дәрісі өтті.
Дәріс барысында профессор Чалих пандемия кезеңінде ғылымның рөлі, зерттеулер мен жаңалықтардың ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы маңыздылығы туралы айтып өтті. Ол студенттерге COVID-19-ға қатысты жарияланған ғылыми мақалалар мен жаңалықтарды талдаудың әдістерін көрсетіп, критикалық ойлаудың қажеттілігін атап өтті.
Студенттер дәріс барысында COVID-19 пандемиясының ғылым мен білімге қалай әсер еткенін, сондай-ақ ғылыми ойлау дағдыларын дамыту жолдарын талқылады. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|