«Химия» кафедрасы | ![]()
07.10.2024
Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджидің семинары 2024 жылдың 3 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасында Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджи (Жанопия) «Химия» мамандығының магистранттары мен докторанттарына ашық дәріс оқыды. Дәріс «Plastics and modern society» тақырыбында өтті. Ашық дәрісте профессор Х.Фуджи пластиктер тақырыбына арналған сабақ жоспарымен және оқу материалымен таныстырды. Сондай-ақ профессор пластиктердің қоғамға әсерін талдап, олардың қоршаған ортаға берер зиянын нақты мысалдармен түсіндірді. Дәріс барысында күнделікті өмірде қолданатын материалдарға қайта өмір беруге арналған «Refuse, reduce, reuse, recycle» әдісіне тоқталды. Пластиктерді қайта өңдеудің негізгі үш жолын және оны өндірудің жаңа әдісімен бөлісті. Дәріс соңында қатысушылар профессормен сұрақ жауап алмасып, ашық талқылау өткізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|