«Химия» кафедрасы | ![]()
14.10.2024
Абай университеті химия кафедрасының филиалын ашты 2024 жылдың 11 қазанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Еңбекші ауылындағы №39 ЖББ орта мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасының филиалы ашылды.
Мақсаты - ЖОО білім алушыларының теориялық білімдерін практикада бекіту, кафедра филиалын мектеп мұғалімдері мен институт профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасу алаңына айналдыру.
Іс-шараға факультет деканы Куләш Каймулдинова, Талғар ауданы бойынша облыстық Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Гулзира Алтыбаева, әдіскер Мөлдір Рақышова және кафедраның профессор-оқытушылары қатысты. Кафедра филиалының ашылуына ықпал болған Ректор гранты - университеттің ҒЗИ интеграцияланған ғылыми жобасын өндіріске ендіру.
Мектеп директоры Меруерт Арынбаева мен химия пәні мұғалімі Айгерім Майсабековаға және мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|