«Химия» кафедрасы | ![]()
17.01.2025
Бітіруші түлектердің диплом алды өндірістік практикасы 2025 жылдың 13 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінің «6В05301-Химия» мамандығының ғылыми бағыттағы 4-курс студенттерінің 2024-2025 оқу жылының оқу жоспары мен академиялық күнтізбесіне сәйкес, өндірістік практикасы басталды. Алдымен студенттерге түсіндірме жұмыстары негізінде конференция өткізілді. Өндірістік практикаға жетекшісі - аға оқытушы Назым Кожабекова студенттерге алдағы практикада сәттілік пен білімдерін тәжірибе жүзінде толықтыруды тіледі.
Сонымен қатар «Жалын» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорнында өндірістік практика жалғасын тапты. Кәсіпорынның ғылыми қызметкерлері Муханов Даурен мен Елдана Рысбекова өндіріс орнының жұмыстарымен таныстырып, экскурсия жүргізді. «Жалын» өндіріс орны - химия, физика, медицина, ауыл шаруашылығы, экологиядан өзекті ғылыми зерттеулерді жүргізетін заманауи жабдықталған кәсіпорын. Ол мемлекет қажеттіліктерінен туындаған ауыл және мал шаруашылық, фармацевтикалық өнімдерді шығарады.
Студенттер өндірістік практикада практикалық жұмыстар орындап, арнайы берілген тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өндірістік практика жетекшілері: PhD аға оқытушылар - Тілеуберді Е., Бақыткәрім Ы., Узакова А.Б., Химэрсен Х.
Білім алушыларға өз білімдерін арттырып, өндірістік тәжірибеден сәтті өтуін тілейміз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|