қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2025

«АТАМЕКЕН» ҰКП қазақстандық ЖОО білім беру бағдарламаларының 2025 жылға арналған рейтинг нәтижелерін ұсынды

 

Білім беру бағдарламалары төрт негізгі критерий бойынша бағаланды: түлектердің мансаптық мүмкіндіктері (49%), білім беру бағдарламаларының сапасы (24%), студенттердің жетістіктері (16%), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері (11%). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 6В01510-Химия білім беру бағдарламасы 2025 жылғы «Химия (білім беру)» бойынша білім беру бағдарламалары АТАМЕКЕН рейтингінде 1-орын алды. 6В05301-Химия білім беру бағдарламасы 2025 жылғы «Химия (ғылым)» бойынша білім беру бағдарламалары АТАМЕКЕН рейтингінде 2-орын алды. 6В01512-Химия-биология білім беру бағдарламасы 2025 жылғы «Химия (білім беру)» бойынша білім беру бағдарламалары АТАМЕКЕН рейтингінде 3-орын алды.

 




  alt=  


  

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу