қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2025

Химия пәнінен мастер класс: «Заттарға екінші өмір сыйлау»


2025 жылдың 17 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасында «6В05301-Химия» мамандығының 2-курс студенттерімен «Кәдеңе жарат» экологиялық іс-шарасы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар - 2-курс докторанты Зухра Мұхамбетәлиева және PhD, аға оқытушы Асем Узакова.

 

Іс-шараның басты мақсаты - студенттердің қайта өңдеуге болатын қалдықтармен жұмыс істеу арқылы экологиялық жауапкершілік пен шығармашылық дағдыларын дамыту. Сабақ барысында студенттер қағаз, киім, шыны, пластик секілді материалдарға екінші өмір сыйлау жолдарын қарастырып, оларды қайта өңдеудің тиімді әдістерін ұсынды.

 

Шараның арнайы қонағы - Fabriqa жобасының маркетинг бөлімінің қызметкері Әлина Молдакерім студенттерге киімдерді қайта өңдеу, саналы тұтыну және экологиялық тұрақтылық туралы құнды ақпаратпен бөлісті. Ол киім өндірісінің қоршаған ортаға әсері, артық тұтынудың салдары және ескі киімдерді қайта өңдеудің маңыздылығы жөнінде маңызды мәліметтер ұсынды.

 

«Кәдеңе жарат» секілді бастамалар болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін арттыруға және тұрақты дамуға өз үлесін қосуға көмектеседі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу