қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2025

«Эко-жоба: Идеядан тұрақты даму жолына» тақырыбында дәріс өтті

 

2025 жылдың 27 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультеті, химия кафедрасында «Химиядан ғылыми зерттеу жұмыстарының негізі» пәні бойынша «Эко-жоба: Идеядан тұрақты даму жолына» тақырыбында ашық дәріс өтті.


Шара барысында эколог, «Recycle БІРГЕ» экологиялық қозғалысының тең құрылтайшысы Пәкизат Сайлаубекова «Қоқыс қайда кетеді? Қазақстандағы қалдықтар мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол Қазақстандағы тұрмыстық қалдықтардың көлемі мен оларды қайта өңдеу көрсеткіштеріне тоқталып, қалдықтарды жоюдың қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы деректер келтірді. Сондай-ақ, еліміздегі полигондар мен заңсыз қоқыс орындарының өзекті мәселелерін атап өтті.


Ал «Fariqa» жобасының маркетинг бөлімінің маманы Әлина Молдакерім дәріс аясында киімдерді сұрыптаудың маңыздылығы мен тұрақты даму идеяларының қоғамға тигізер пайдасын баяндады.


Өзекті экологиялық мәселелер талқыланған дәріске 6B05301-Химия мамандығының 2 курс студенттері қатысып, жоба құрудың қыр-сырын меңгерді.
Айта кетейік, дәрісті PhD, аға оқытушы Асем Узакова мен 2 курс докторанты Зухра Мұхамбетәлиева ұйымдастырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу