«Химия» кафедрасы | ![]()
31.03.2025
«Функционалдық сауаттылықты дамыту: Жаратылыстану бағытындағы пәндердегі инновациялық әдістер» облыстық конференциясы
2025 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының филиалы базасында - Талғар ауданы, №39 мектепте «Функционалдық сауаттылықты дамыту: Жаратылыстану бағытындағы пәндердегі инновациялық әдістер» тақырыбында облыстық конференция өтті. Конференцияға Жаратылыстану және география факультетінің көрнекті ғалымдары мен Алматы облысының педагог-шеберлері қатысты.
Конференция барысында профессор Нурлан Ахметов «Қазіргі заманғы классикалық химияны оқытудың теориясы мен әдістемесінің өзекті аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында профессор классикалық химияны оқыту теориясы мен әдістемесінің негізгі тұстарына тоқталып, іргелі білімдерді заманауи педагогикалық тәсілдермен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол пәнаралық байланыстарды қалыптастыру, оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту және цифрлық ресурстарды оқу үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Профессор Несипхан Бектенов мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Ол ғылыми жұмыстың негізгі қағидаларына тоқталып, тақырыптың өзектілігі мен жобаның практикалық бағыттылығының маңызын атап өтті.
Профессор Калампыр Жумагулова функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктері мен өзектілігі туралы баяндама жасады. Ол мұндай тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сыни ойлау, білімді өмірде қолдана білу және шынайы жағдайларда негізделген шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратынын атап өтті.
Аға оқытушы Онласын Кулумбетова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол Н.П. Гузик, Ж. Қараев және Г.Ғ. Еркибаева еңбектеріне негізделген деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану мүмкіндіктерін жан-жақты талдады. Бұл технология оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білімді меңгерудің базалық деңгейінен шығармашылық деңгейіне дейін кезең-кезеңімен дамуына мүмкіндік береді.
Университеттен келген спикерлердің баяндамаларынан кейін семинар секциялар бойынша жалғасты: химия, география, биология пәндері бойынша секциялық отырыстар өтті. Семинар барысында педагог-шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Педагог-шеберлер функционалдық сауаттылықты дамыту - қазіргі білім берудің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта оқушылардың қабілеттері мен білімді игеру қарқынын ескеруге мүмкіндік беретін деңгейлеп оқыту технологиясы - ең тиімді құралдардың бірі ретінде танылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|