«Химия» кафедрасы | ![]()
09.04.2025
Химия білім бағдарламалары мазмұнын талқылау бойынша онлайн семинар 2025 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасының ұйымдастыруымен химия мамандығының білім бағдарламалары мазмұнын таныстыруға арналған онлайн семинар өткізілді.
Семинарға университет оқытушылары, білім беру бағдарламаларын құрастырушылар, Алматы қаласының орта мектептерінен химия мұғалімдері, сондай-ақ А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты мен Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институтының профессорлары мен ғылыми қызметкерлері қатысты.
ҚазҰПУ-нің оқытушылары Жанар Қорғанбаева мен Әлия Бейсекова химия кафедрасының 9 білім беру бағдарламасының мазмұны мен жаңа өзгерістері туралы баяндады. Олар бағдарламалардың жаңартылған құрылымы, пәндер тізбесі және оқу процесіндегі жаңа әдістемелер жөнінде мәлімет берді.
Семинар барысында қатысушылар білім беру бағдарламасының мазмұнына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, тиімді талқылаулар жүргізді. Атап айтқанда, бакалавриат деңгейіндегі 6В01524 IP-Химия білім беру бағдарламасының жаңа мазмұны мен ерекшеліктері қарастырылды. Бағдарлама сапасын арттыру, жаңа зерттеу бағыттарына сәйкес оқу жоспарын қайта қарау мәселелері талқыланды.
Бұл семинар химия білімінің сапасын арттыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Семинар нәтижесінде білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен жұмыс нарығы талаптарына сай жаңа өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы кең ауқымды пікір алмасулар жасалды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|