«Химия» кафедрасы | ![]()
16.04.2025
«Ғылымға жол» атты кездесу 2025 жылдың 14 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Химия кафедрасында 1-курс докторанттарының эдвайзері, Жас зерттеушілер құрамының мүшесі PhD, аға оқытушы Асем Узакованың ұйымдастыруымен химия ғылымының академигі және профессорларымен «Ғылымға жол» атты кездесу өтті.
Кездесудің арнайы шақырылған қонақтары - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Химия кафедрасының профессоры, академик Жеңіс Шоқыбаев және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Ердоc Оңғарбаев. Алғы сөз Химия кафедрасының меңгерушісі, қауым.профессор Жазира Мукатаеваға берілді. Іс-шара барысында білім алушылар еліміздің ғылымына елеулі үлес қосқан беделді ғалымдардың өмір жолы мен тұлғалық ұстанымын, профессорлыққа жетелеген арман-мақсаттарымен танысып, кездесу ашық сұқбат, сұрақ-жауап форматында өрбіді.
Бұл кездесу - ғылымға бет бұрған жастар мен тәжірибелі мамандардың арасындағы алтын көпір іспеттес болды. Шара соңында спикерлеріміз жас буынға адал еңбек етіп, ғылым жолында табандылық танытуға тілектерін білдірді.
«Ғылымға жол» - болашақ ғалымдарды анталандыратын, бағыт беретін жарқын бастама!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|