«Химия» кафедрасы | ![]()
11.04.2025
«Sparkle Science of Chemistry» – «Химия әлемі» атты ІІІ студенттік ғылыми конференциясының қорытындысы 2025 жылдың 10 сәуірінде «Ғылым онкүндігі» аясында Тұрақты даму мақсаттарына негізделген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасында «Sparkle Science of Chemistry» студенттік ғылыми зерттеу ұйымының - «Химия әлемі» атты ІІІ студенттік ғылыми конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар - PhD, аға оқытушы Асем Узакова, аға оқытушы Маржан Ахтаева және оқытушы Айбат Ибраимов.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің тұрақты даму мақсаттарына негізделген ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсыну арқылы ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық әлеуетін арттыру.
Конференцияға 6B05301-Химия мамандығының 2-курс студенттері қатысты. Ғылыми конференция барысында студенттер өздерінің зерттеу жобаларын ұсынып, тақырыпты теориялық және практикалық тұрғыдан талдап, тәжірибелер нәтижесін баяндады. Зерттеу жұмыстары «Ең үздік жоба» және «Ең үздік эксперименттік бөлім» номинациялары бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орын алған жоба иегерлеріне дипломдар мен естелік сыйлықтарды Ректордың зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан табыстады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|