қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2025

Ғылым онкүндігі аясында


2025 жылдың 10 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Жас зерттеушілер коллаборация комитетінің мүшесі Зухра Мұхамбетәлиеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасында "Тұрақты болашаққа бастайтын ғылыми идеялар" атты Tedx форматында кездесу өтті. Кездесу қонақтары: Қазақстандағы алғашқы Teachers Lab платформасының жетекшісі, PhD, аға оқытушы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО офисінің тренер-консультанты - Сауле Зейнолла, Ғылым мен білім саласында өзінің даңғыл жолын салған, «Жаратылыстану және география» факультетінің деканы, профессор, академик Н.Базанова атындағы марапаттың иегері - Күләш Каймулдинова.

 

Шарамызды Химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мукатаева ашып берді. Tedx алаңында жаңа идеялар, терең ойлармен танысуға мүмкіндік алды. Ғылыми идеялар мен жаңашыл көзқарастар талқыланған бұл кездесуде спикерлер өз ғылым жолдарынан сыр шертіп, тұрақты дамуға жетудегі ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми идеяларды талқылап, сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты. Кездесудің ашық диалог форматында өтуі білім алушылар мен жас зерттеушілерге өз ойларын ортаға салып, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар алуына жол ашты. Спикерлеріміз жас зерттеушілерге алдағы магистрлік және докторлық диссертацияларын жазуда табындылық пен қайсарлық тіледі. "Тұрақты болашаққа бастайтын ғылыми идеялар" кездесуі - ғылым мен білімнің, тәжірибе мен жаңашыл ойлардың түйіскен алаңы болды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу