қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2025

Химия бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау: «Болашақ мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдері мен перспективалары»


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультеті [имия кафедрасының білім беру бағдарламаларын құрастырушылар химия мамандығының білім беру мазмұнын таныстыру бойынша семинар өткізді.

 

Семинарға химия кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 17, 18 сәуір аралығында өткізіліп отырған «6В012 - Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша республикалық пәндік олимпиадаға студенттерін алып келген жетекші профессор-оқытушылар құрамы, еліміз бойынша ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын құрастырушылары, Алматы қаласы бойынша орта мектептердің химия мұғалімдері, жұмыс берушілер: «А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» профессорлары мен ғылыми қызметкерлері, химия кафедрасының профессор оқытушылары қатысты.

 

Семинарға Абай университетінің білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова қатысып жалпы білім бағдарламаларының құрылымы, мазмұны, жаңартулар мен өзгерістер туралы баяндама жасады. Химия кафедрасы бойынша 9 білім беру бағдарламасының мазмұны мен жаңа өзгерістері туралы химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Қорғанбаева баяндады. Семинар барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, талдауға белсенді қатысты. Бакалавриат бойынша 6В01524-IP-Химия білім беру бағдарламасының жаңа мазмұны мен ерекшеліктері ерекше қызығушылықпен қарастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу