қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2025

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

2025 жылғы 17-18 сәуірде «6В012-Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасының ұйымдастырумен өткізілді.

 

Олимпиаданың негізгі мақсаты - білікті мамандар даярлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-тәрбие процесіне, ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыру.

 

Олимпиадаға Қазақстанның 18 жоғары оқу орындарының 36 студенттері қатысты. Ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, Жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова және химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева құттықтау сөз сөйледі. Олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық-тәжірибелік.

 

Олимпиаданың жабылу салтанатында академиялық мәселелер департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков команда жетекшілерін сетификаттармен және алғыс хаттармен марапаттады.

 

Олимпиада жеңімпаздарына дипломдар, сыйлықтар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

«6В012-Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының топтары бойынша олимпиаданың нәтижелері:

 

Жеке қатысушылар арасында жүлделі орындарды иеленген студенттер:

I дәрежелі диплом: Бекбулат Қайсар Радикұлы, 4-курс, Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.

II дәрежелі диплом: Жиенбаева Гүлнұр Мұратқызы, 4-курс, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

II дәрежелі диплом: Каиров Нурлан Мурадович, 4-курс, Астана халықаралық университеті.

III дәрежелі диплом: Пердебай Берік Мухтарұлы, 3-курс, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

III дәрежелі диплом: Полищук Артем Сергеевич, 2-курс, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты.

III дәрежелі диплом: Галиева Зарина Ринатовна, 4-курс, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi.

 

Командалық есеп бойынша жүлделі орындарды иеленген оқу орындары:

I дәрежелі диплом: Пердебай Берік Мухтарұлы, Жиенбаева Гүлнұр Мұратқызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

II дәрежелі диплом: Бекбулат Қайсар Радикұлы, Нурмуханов Нурстан Абаевич - Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті.

II дәрежелі диплом: Каиров Нурлан Мурадович, Моисеенко Амадей Владимирович - Астана халықаралық университеті.

III дәрежелі диплом: Ермахан Ұлықпан Амірханұлы, Галиева Зарина Ринатовна - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi.

III дәрежелі диплом: Шаухатбеков Данияр Бахытбекұлы, Әріпжанова Ұлбала Досболқызы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.

III дәрежелі диплом: Садыбай Ақбота Ермекқызы, Полищук Артем Сергеевич - Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу