«Химия» кафедрасы | ![]()
22.04.2025
«Химия көктемі» атты ғылыми-танымдық іс-шара 2025 жылдың 18 сәуір күні XVII пәндік Республикалық олимпиаданың бағдарламасына сәйкес «Химия көктемі» атты ғылыми-танымдық іс-шара 6В05301-Химия мамандығында оқитын 2 курс студенттерімен ұйымдастырылып өткізілді. Ұйымдастырушы - химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсибаева. Аталмыш іс-шараға Республикалық олимпиаданың қатысушылары мен команда жетекшілері, факультет деканы, оқу, ғылым және тәрбие жөніндегі деканның орынбасарлары, химия кафедрасының меңгерушісі, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.
«Химиялық көктем» аясында өткен «Air Chemistry» ғылыми-танымдық іс-шара әуе химиясы әлеміне нағыз саяхат болды. Қатысушылар жолаушылар ретінде қызықты «химиялық ұшуға» аттанды, гид орнында бортсеріктер мен ұшқыштар болды.
Химик-ұшқыштар «Найзағай», «Химиялық кемпірқосақ», «Құрғақ мұз» және «Сұйық азот» тақырыптарында қызықты химиялық тәжірибелер көрсетті. Интерактивті тақтада химиялық демонстрациялар көрсетілді. Көрермендерге арналған «Химиялық лото» ойыны ойнатылды және жеңімпаздарға құнды сыйлықтар табыс етілді.
Ұлы ғалымдар Мария Склодовская-Кюри және Пьер Кюри, Фриц Габердің өмірі мен еңбектеріне арналған сахналық қойылымдар қойылды. Химиктер көңілді тапқырлар клубы студенттік өмірдің қызықты сәттерінен эпизодтар көрсетіп, көрермендерді күлкіге қарық қылды. Ұстаздарға арналған нәзік әдемі ән мен әсем билер көрермендерге тамаша атмосфералық көңіл-күй сыйлады. Іс-шара нағыз ғылыми шоуға айналды. Көрермендер ұйымдастырушыларға ризашылықпен қошемет көрсетті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|