«Химия» кафедрасы | ![]()
24.04.2025
«Хим IQ» интеллектуалды сайысы 2025 жылдың 23 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «6В01510-Химия» мамандығының практиканттары және химия мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаев атындағы 140 гимназияда 8 сыныптар арасында «ХИМ IQ» интеллектуалды сайысы өтті. Оқушылар жүлделі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің жан-жақты білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және ойлау шеберліктерін көрсете білді. Әр кезең мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі мен ынтасын арттырды.
Бірінші кезеңде оқушылар креативті таныстыру арқылы топтарының ерекшеліктерін ашып көрсетті. Екінші кезеңде экология тақырыбында жасалған постерлер арқылы табиғатқа деген жанашырлықтарын жеткізе білді. Үшінші кезеңде «Мықты эрудит» бөлімінде есептер шығарып, химия пәнінен теориялық білімдерін нақты іс жүзінде қолдана алатынын дәлелдеді. Төртінші кезеңде «Білгірлер бәйгесінде» - сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру арқылы логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін паш етті.
Қорытындылай келе, «ХИМ IQ» интеллектуалды сайысы жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақта білікті маман болып қалыптасуына септігін тигізеді. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, білім мен шығармашылық жолындағы жетістіктерінің жалғасын тілейміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|