қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасында Пуатье университетінің (Université de Poitiers) профессоры Фредерик Ришармен кездесу


2025 жылғы 31 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия кафедрасында Францияның Пуатье университетінің (Université de Poitiers) профессоры, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар факультетінің (UFR SFA) халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары Фредерик Ришар (Frédéric Richard) мырзамен кездесу өтті.


Сапар барысында профессор Ришар Пуатье университеті мен жаратылыстану факультетінің қызметі туралы баяндап, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, магистратура және PhD деңгейлеріндегі оқыту мүмкіндіктері, сондай-ақ университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары жөнінде ақпарат берді. Ол Қазақстан мен Франция арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту мен тәжірибе алмасудың химиялық білім мен зерттеу салаларындағы маңыздылығын атап өтті.


Профессор Ришар Францияның жетекші ғылыми орталықтарының бірі - Пуатье ортасы мен материалдар химиясы институтының (IC2MP) ғылыми-зерттеу қызметіне ерекше тоқталды. Бұл институтта катализ, «жасыл» химия, жаңартылатын көміртекті конверсиялау, химиялық реакциялар кинетикасы және кеуекті материалдарды жасау салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.

 

Профессор өзінің ғылыми жобаларды басқару тәжірибесімен, жетекші журналдардағы жарияланымдарымен бөлісіп, қазіргі заманғы ғылым мен өнеркәсіпте тұрақты химиялық технологиялардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консультацияларды жалғастыруға және студенттер мен оқытушылардың (магистратура, PhD) академиялық алмасуы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.


Химия кафедрасы профессор Фредерик Ришарға мазмұнды дәрісі мен жылы жүздесуі үшін шынайы алғыс білдіреді. Бұл кездесу Абай атындағы ҚазҰПУ мен Пуатье университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.

 

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу