қазақша · русский · english
   
08.04.2020

Біз онлайн режимде жұмыс жасаймыз

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевтың өкіміне (№03-06/35 14.03.2020) сәйкес 2020 жылдың 16 наурызынан бастап шетел азаматтарына арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Шетелдік білім алушылар мен тілдік топтарының тыңдаушылары ZOOM, WhatsApp Web, WeChat, Skype, UNIVER платформалары және электрондық пошта арқылы бұрын бекітілген оқу кестесі негізінде онлайн-режимде оқиды. Сондай-ақ, факультет оқытушылары студенттерге өз бетінше оқуға арналған қосымша материалдар, өткен тақырыпты бекіту үшін жаттығулар, тестілер мен жаттығу жұмыстарын береді және ОӘК-нін, қашықтан оқыту үшін презентацияларды бейімдейді.

 

Факультеттің оқытушылары ғылыми, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарын қашықтан белсенді жүргізуде. Осы уақыт аралығында студенттермен бірге шетелдік студенттерді онлайн-оқыту туралы бейнефильм, «Біз әрқашан біргеміз» республикалық акцияны қолдауға арналған бейнепрезентация дайындалды. ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған Жарлығын орындау мақсатында білім алушылар үшін «Абай әлемі» кабинетінің ашылу жұмысы жалғасуда. «Қазақстан Халықаралық білім беру кеңістігінде» жас ғалымдардың ХІ Халықаралық сырттай ғылыми конференциясын өткізуге арналған материалдар жинақталды. Сонымен қатар, шетел азаматтарының қатысуымен Абайдың 175 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай» фильмі дайындалып жатыр.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу